Қазақстандық кардиохирургтар алғаш рет жүрек ырғағы бұзылған адамдарға операция жасаудың жаңа тәсілін игерді

Орталық Азия елдерінде алғаш рет жүрек ырғағы бұзылған адамдарға ашық операция жасаудың жаңа тәсілі игерілді. Ол науқастың  жүрегіндегі  бұлшық еттің бір бөлігін қатыру арқылы жүзеге асады. Операция жасау үшін минус 140 градустан төмен температура қолданылады. Қазақстандық кардиохирургтар тың тәсілді жүрек қақпағын қалпына келтіру үшін қолданды.

ЕРМАҒАМБЕТ ҚУАТБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Электрод арқылы аргон деген газды мұздатылған жағдайды 140 градусқа дейін төмендетілген жағдайда жаңағы жүректің ырғағының өзгеруін жаңағы орындарын мұзбенен қатырып және де жүректің ырғағын түзетуге мүмкіншілік пайда болатындай жағдай.

Бұл – емдеудің аса күрделі түрі. Асқан шеберлікті талап етеді. Дәрігерлер мүлт кеткен жағдайда  ағзаның сау жеріне зақым келетінін жоққа шығармайды. Сондықтан ақ халаттыларға артылатын жауапкершілік еселенеді.

ЕРМАҒАМБЕТ ҚУАТБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Бұл қандай кезеңде болмаса да қиын жағдайда жасалатын операция. Оңай операция емес. Бұл Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет ашық жүрекке осындай тәсілмен жасалып жатқан бүгін операция.

«Хирургиялық криобляция» әдісі жақсы дамыған Түркиядан арнайы профессор шақыртылыпты. Шетелдік маманның пікірінше осы тәсілмен емдеудің 90 пайызы оң нәтиже береді.

БАҺАДҮР ИНАН, ПРОФЕССОР /ТҮРКИЯ/:

 - Бұл әдіс әлемде қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Біз оның тиімділігінің зор  екеніне  көз жеткіздік. Өз тәжірибеміз арқылы оң баға беріп отырмыз. Қазақстандық әріптестеріміз де емдеудің осы түрін жақсы меңгереді - деген сенімдеміз»

Павлодарда жүрек ырғағы бұзылған екі науқасқа операция жасалды. Статистикаға сәйкес, мұндай сырқат түріне Қазақстанда тұрғындардың  5 пайызы шалдыққан.