Отандық фармацевтика саласында жаңа дәрі өндіріске енгізілді. Микробиология және вирусология институтының ғалымдары алғаш рет тері ауруларын емдейтін препарат ойлап тапты. Оны жаппай қолданысқа дайындау үшін 20 жыл уақыт кеткен.

АМАНГЕЛДІ САДАНОВ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Бірнеше миллион микроорганизмдердің ішінен іздеп тұрып осыны таптық. Барлығы бірдей әсер етпейді. Сондықтан таза, табиғи микроорганизмдер бұның қосындысы.

Бұл дәрінің құрамында теріде жинақталатын зиянды бактерияларды жоятын элементтер көп. Ол тері ауруының 39 түрін емдейді.

АЙЖАН ИТИМИРОВА, ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ ДӘРІГЕР:

 - 3 жыл ішінде біз еліміздің түрлі облыстарынан 400-ден астам пациентті қарап емдедік. Солардың 100 пайызға жуығы дәрінің әсері оң болғанын айтты. Барлық нәтижелерді біз құжат жүзінде тіркеп отырдық.

Дәрігерлер оны нарыққа шығармас бұрын көп уақыт сынақтан өткізген. Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің емдек қасиетін жоғары бағалап, қолданысқа енгізуге рұқсат берді. Енді ол дәріханалардың сөресінде пайда болады. «Алайда шетелдік тауармен бәсеке оңай болмасы анық. Дегенмен отандық өнімнің сапасы шетелдік дәріден еш кем емес», дейді ғалымдар.

АМАНГЕЛДІ САДАНОВ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Халыққа не керек? Бірінші оның сапасы керек. 1 апта, 10 күн ішінде емделсе. Екінші бағасы қолжетімді болса. «Біз бұның сапасына сеніп отырмыз. Сапасын халық өзі көреді. Халық өз бағасын береді.

Жаңа дәрі республика дәріханаларының сөрелеріне жеткізілді. Ішкі нарық толық қамтамасыз етілген соң табиғи антибиотикті экспортқа шығару жоспары бар. Ал Микробиология және вирусология институтының ғалымдары болса, тыныс алу жолдарының вирустық инфекцияларымен күреске арналған препарат әзірлеуге ден қоймақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер