Қазақстандық дәрігерлер жүректің соғу жиілігі төмендеген науқастарды емдеудің жаңа әдісін меңгерді. Операция ТМД елдері арасында алғаш рет біздің Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жасалған.

 

САЙРАН БОЗКЕНОВ, ПАЦИЕНТ:

 - Стимуляторды қойды, қуанғаным сондай операциядан шыққан соң өлең айтайын ба балалар дедім. Күледі, қалай айтасыз өзіңіз әзер жатырсыз дейді. Айта аламын. Мәз болып олар қалды. Қазір өзімді өте жақсы сезінем. Рахмет, мына ұжымға.

 

Мұндай сырқаты бар науқастарға бір ұшы жүрегіне жалғанған арнайы құрылғы орнатады. Осы кезге дейін оның мынадай түрін пайдаланып келген. Енді салмағы 2 граммға жетпейтін жүгерінің дәніндей мына аппаратты тамыр арқылы жүректің ішіне орналастырады. Соған қарамастан оның адам ағзасына тигізер түйір зияны жок. Қайта, жүрек қағысын ретке келтіреді. Екі науқасқа жасалған операция да сәтті өтті.

 

АЯН ӘБДІРАХМАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

 - Мұның өзінің ерекшеліктері бар. 11-27 Бұл технология бір қарағанда оңай сияқты болып көрінеді. Бірақ отаның көп технический ньюанстары бар. Жаңа технологияны үйреніп білмейінше, жасау оңайға соқпайды.

 

Операция жасау үшін медицина ғылымдарының докторы Аян Әбдірахманов Еуропа елдерінде тренингтен өткен. Қолын әбден жаттықтырыпты. Ол жақта мұндай отаны миллион тұрғынның 800-дейіне жасайды екен. Адамдардың өмірі ұзарады. Әрине, құрылғы қымбат тұрады. Екеуін орталық өз қаржысына сатып алып, орналастырған.

 

ЮРИЙ ПЯ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ:

 - Біз жаңа технологияны игердік. Мұны мақтанышпен айта аламыз. Біздің бұл әдісіміз талай өмірді сақтап қалатын болады. Енді біз оны кепілді медициналық көмек тізіміне енгізуді ұсынып отырмыз.

 

Операция жасалған науқастың жағдайын біліп отыру үшін мынадай құрылғы қосымша беріледі. Ол үйінде отырған кезде осындағы дәрігерлерлер жүрек соғысын байқап отырады. Соған қарап, ақыл- кеңестерін айтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер