Қазақстанға жыл сайын шетелден  мың жарым адам  келіп емделеді. Бұл медициналық туризмнің дамып жатқанын байқатса керек. Көрсеткіш жыл санап өсіп жатыр. Бұл туралы 27-ші дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресінде айтылды. Конгреске бір жарым мыңнан астам дәрігер қатысты. Оның басым бөлігі - шетелдік маман. Олар үш күн бойы тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттарын өткізіп, операцияларға қатысты. Елімізде 5 жыл ішінде жүрекке 56 трансплантация жасалды. Медицина қызметкерлері бірінші кезекте жүрек қан тамыры ауруларының алдын алуға назар аудару керектігін айтады.

 

ЕЛЖАН БІРТАНОВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

 - Жиі кездесетін ауру болғандықтан, операцияға жеткізбей алдын аулу шараларын енгізуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігінде арнайы кардиоауруларды меңгеру бағдарламасын енгізіп жатырмыз. Диспансерлік учетта тұрған науқастармен тікелей жұмыс істейміз. Сол жоба бойынша, стационарға түсетін аурулар саны 65 пайызға азайды.

 

УАЛТЕР ДЕМБИЦКИЙ КАРДИОХИРУРГ, ПРОФЕССОР /АҚШ/:

 - Өз басым Қазақстанға осымен үшінші мәрте келіп тұрмын. Алғаш рет 2011 жылы,  2014 жылы, одан кейін  міне биыл Астана жол түсті. Әр сапарымда Қазақстан медицинасының қарыштап дамып келе жатқанына куә боламын. Заманауи технологиядан қалыс қалу атымен жоқ. Әлемдік медицинаның деңгейімен бірдей. Мамандар да білікті. Сіздерде мемлекет басшысы халықтың денсаулығын жақсартуға, адам өмірін ұзартуға баса мән береді. Соның бір айғағы - дүниежүзілік конгрестің қазақ жерінде өтіп жатқандығы дер едім.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер