Қазақстанда туберкулёз ауруын емдеудің тиімділігі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан жоғары. Бұл туралы Алматыда USAID TB CARE халықаралық жобасы шеңберінде аталған ұйымның ұсыныстарын енгізу жұмыстарына арналған кездесуде айтылды. Шараға еліміздің денсаулық саласының мамандары, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық ғалымдар қатысты. Атап өтерлігі, Қазақстанда соңғы 10 жылда өкпе ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5 есеге төмендеген.

МӘЛИК АДЕНОВ, ҚР ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ:

- Негізінен бұл туберкулезге қарсы жаңа препараттарды қолданудың арқасы. Бұл дәрі дәрмектерді әр елдің емдеу мекемелері асыға күткен еді. Науқастың айығуына жақсы әсерімен   танылған дәрілер қолымызға түсісімен емдеудің жаңа түрлері пайда болды. Қолданылып жүрген үлгілерімен салыстырсақ 20-30 пайызға дейін тиімдірек.

ШАХМУРАТ ИСМАИЛОВ, ҒАЛАМДЫҚ ҚОР МЕНЕДЖЕРІ

- Молекулярлы генетикалық микродиагностиканың жетілдірілген түрлері пайда болды. Біз ғаламдық қор жобасының аясында осындай емдеудің тиімді тәсілдерін ел бойынша таратып, денсаулық сақтау жүйесіне ендіретін боламыз. Бұл қондырғылар туберкулезді небары 2 сағаттың ішінде анықтай алады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер