Алдағы 1-3 қыркүйек күндері әлем кардиохирургтары Астанада бас қосады. 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресіне мыңнан астам кәсіби маман қатысады. Еуразия өңірінде тұңғыш рет өтетін жүрек хирургтарының жиыны еліміз үшін үлкен жетістік. Себебі, бүгінде отандық кардиохирургия саласы қарқынды дами бастаған. Соңғы 12 жылда жүрек қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім, үш есеге азайған. Сондай-ақ, қазақстандық мамандар жүрек алмастыру операциясының қыр-сырын әбден меңгерген. Әлемнің 30 мемлекетінен келетін мамандар осы сала төңірегінде пікір алмасып, шеберлік сабақтарын өткізетін болады.

ЛӘЗЗАТ АҚТАЕВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Отандық кардиохирургия саласы қарқынды дамып келеді деп ауыз толтырып айтуға болады. Түрлі инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Соның арқасында біздің жүрекке операция жасайтын дәрігерлердің біліктілігі де артып келеді. Ал, Астанада өтетін айтулы шара барысында жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік туады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер