Қазақстан кардиологтары жаңа белестерді бағындыруда. Петропавлдық дәрігерлер жүрек жұмысына электрофизиологиялық зерттеу жүргізу арқылы радиотолқынды абляция деп аталатын операция жасай бастады. Бұл тәсілмен жүрекке катетер жіберіледі. Ал науқасқа тек ауырсынуды басатын арнайы дәрі беріледі. Себебі ол ақ халатты жандармен әркез байланыста болуы шарт.

АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, СҚО КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

- Біздің ауруханада ең соңғы қондырғылардың бірі орнатылған. Мұндай жабдық елімізде тек бізде ғана бар. Жаңа құрылғы жүректі 3d түрінде модельдей алады. Бұл біз үшін өте ынғайлы. Яғни барлығын алдымыздағы монитор арқылы қадағалап отырамыз. Яғни жүректің ауратын тұсын емнің күйдіру түрі арқылы емдейміз.

Бұрын солтүстікқазақстандықтар дәл осындай операцияны жасату үшін, Астана, Алматы тіпті шетелдерге баратын. Операцияға 2,5-3 сағат уақыт жұмсалады. Радиотолқынды абляция жүргізілген Ольга Руди санаулы күннен соң үйіне қайтады.

ОЛЬГА РУДИ, ПАЦИЕНТ:

- Операция сәтті өтті. Екінші күні аяғыма тұрып кеттім. Дәрігерлер маусым айында маған тахикардия деген диогназ қойған еді. Енді қазір жүрек соғысы орнына келді.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында жүрек соғысының ырғағы бұзылған 600-ден астам науқасқа жыл сайын осындай ем қажет болады екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер