Қазақстан кардиохирургияны дамыту бағытында үздік елдердің қатарында, жүрекке ашық жолмен жоғары технологиялы операция жасай алатын мамандары бар санаулы мемлекеттердің бірі. Кардиология саласын дамытуға республикалық деңгейде қолдау көрсетілуде. Бүгінде жүрекке күрделі операцияларды Астанада ғана емес, ел аймақтарындағы дәрігерлер де жасай алады. Сондай мамандардың бірі – Солтүстік Қазақстан облыстық кардиология орталығының бөлім меңгерушісі Мақсат Құдратуллаев. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша Еуропа елдерінде оқып, біліктілігін жетілдірген.

МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, СҚО КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

- Мен мектепте 4 класстан бастап дәрігер боламын деп армандаған бала болдым. Көрші – қолаң, ағайын – туысқан біреуінің бір жері жарақатталып, бірдеңе жасап жатса, келіп соларды обработка жасап, сол кезде хирург боламын деп өскен баламыз.

Бұл емдеу мекемесі 2009 жылы ашылды. Содан бері орталықта 2 мыңнан астам адамның жүрегіне операция жасалды.

Ал талдықорғандық кардиологтар неміс мамандарымен тәжірибе алмасты. Алматы облыстық кардиология орталығында атақты дәрігер Уинфрид Драмбурдың шеберлік сабағы өтті. Жүрекке ашық операция жасау кезінде қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз ету өте маңызды. Неміс маманы – бұл тәсілдің қыр-сырын жетік меңгерген белгілі перфузиолог. Сондықтан Талдықорғандағы операция кезінде оны іспен көрсетіп, жас кардиохирургтерге ақыл-кеңес берді.

УИНФРИД ДРАМБЕР, ПЕРФУЗИОЛОГ-ДӘРІГЕР /ГЕРМАНИЯ/:

- Мен 3 түрлі мақсатпен келген едім. Бірінші, әріптестерімнің қабілет-қарымын байқадым. Екінші, медициналық жаңа технологиялардың енгізіліп жатқанын көрдім. Үшіншіден, тәжірибемді үйретіп, жас дәрігерлерге бағыт-бағдар бердім. Жалпы, сапарым сәтті болды.

ЗӘУРЕ ОРАЗҒАЛИНОВА, ПЕРФУЗИОЛОГ-ДӘРІГЕР:

- Еуропалық танымал дәрігерден дәріс алу біз үшін үлкен қуаныш деуге болады. Осындай шеберлік сабақтары алдағы уақытта да өтеді деген ойдамын. Тәжірибе жинақтағанға не жетсін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер