Қазақстандық шипажайлардың әлеуеті арттырылады. Халықаралық деңгейде қызмет көрсетіліп, бағасы қолжетімді болмақ. Бұл туралы «Шипажай – 2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумында айтылды.     

САЯГҮЛ ҚАЙЫРГЕЛДИНА, ҚР ҰЛТТЫҚ КУРОРТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл мәселені шешу үшін Мәскеудің курорттық ісі институтымен меморандум жасалды. Сауықтыру орындарының реестрі әзірленіп, әрбіріне көрсететін қызметіне сай арнайы санат беріледі. Бұл бірыңғай баға бекітуге мүмкіндік береді. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін шипажайлар ерікті түрде ұлттық курорттық қауымдастықтың құрамына кіруі тиіс.

 

Сондай-ақ, шипажайларды бірыңғай басқару жүйесімен қатар, ортақ ұлттық даму тұжырымдамасы жасалмақ. Бұл – бір жағынан шетелдік туристердің қызығушылығын артырудың қамы. Осы ретте шипажай форумы медициналық оңалту,  сауықтыру саласының тың жаңалықтары мен озық технологияларды ендіру бойынша тәжірибе алмасудың бірегей алаңына айналып отыр. Халықаралық жиын Германия, Чехия, Италия және Ресейдің жетекші сала мамандарының басын қосты.

 

САЛАВАТ САГИТОВ, БАШҚҰРТСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

 - Башқұртстан өлім көрсеткіші бойынша 21 ғасырдағы үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұған сауықтыру кешендеріміздің қосқан үлесі зор. Ресейдің 10 үздік шипажайлар көшін біздің емдеу орталығы бастады. Сонда да жетілдіре түсуді қажет ететін тұстарымыз бар. Қазақстанға сол түйткілді мәселелердің шешімін табу үшін келдік. Бір-бірімізбен шеберлік алмасып үйренеріміз мол.

 

Отандық туризмнің дамуына жол ашатын енді бір жаңалық! Форум аясында Қазақстандағы тұңғыш радонды бұлақ көзі ашылды. Қайнар еліміздің жауһары Бурабай курорттық аймағынан табылып отыр. Бүгінде әлем бойынша бұндай 500-ге жуық қана жер асты бастауы бар екен. Сирек кезігетін радонмен газдалған кәусар судың адам ағзасына пайдасы ғылыми дәлелденген. 

 

ҚАЙРАТ БЕРКІНБАЕВ, «ОҚЖЕТПЕС» ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Радон суымен ваннаға түсіп қабылдау және адам асқазанының ауруларына  пайдасы өте зор.  Басқа да қандай ауруларға пайдасы тиеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер