Семейлік нейрохирургтар алғаш рет миға операция жасады. Бұрын науқастар емделу үшін Астана қаласына немесе шетелдерге баруға мәжбүр болатын. Енді, міне, мемлекеттің қамқорлығы арқасында тұрғындар сапалы да заманауи медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Ол үшін жергілікті мамандар Астана қаласындағы Ұлттық Нейрохирургия Орталығында арнайы білімін жетілдіріп тәжірибе жинақтады. Мидағы ісікті инновациялық жолмен алуға арналған озық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жыл соңына дейін 50-ден астам операция жасау көзделіп отыр.  

 

Факизат ҚАЛИЕВА, НАУҚАС:

Менің денсаулығым аденома гипофеза, ол мидағы ісік. Скораямен түстім. 5 күн бойы комада жаттым, реанимацияда, енді осы жаққа шығарды. Осы нейрохирургия бөлімі мені алып шықты, шыны керек ол дүниеден алып шықты деуге болады. Мың да бір рахмет айтам, бірінші Алла Тағала, екінші осы дәрігерлердің арқасы.

 

Алтай ҚҰЛТУМАНОВ, НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жыл өткен сайын біздің бөлімде инновациялық жаңа тәсілдер көбейіп келеді. Мұның бәрі мемлекеттің қамқорлығы арқасында жүзеге асып отыр. Миға алғаш рет жасалған операцияларымыз сәтті өтіп, науқастарымыз құлан таза айығуда. Болашақта да бұл бағытта тек алдыға қадам баса береміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер