Отандық травматология және ортапедия саласын  халықаралық деңгейге көтеру үшін жылына 100 маман шетелде біліктілігін жетілдіреді. Бұл туралы Астанадағы Халықаралық конференцияда травматология және ортапедия ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Батпенов мәлімдеді. Алқалы жиынға 10 мемлекеттен келген білікті мамандар қатысуда. Халықаралық конференцияның басты мақсаты- медицина саласындағы инновацияны жетілдіру. Жалпы отандық травматология саласы соңғы он бес жылда айтарлықтай жетістікке жеткен. Бірінші кезекте ол Еуропаның белді орталықтарымен тығыз әріптестіктің арқасында дейді отандық мамандар. Өлім жітім көрсеткіші бойынша травматологиялық науқастар үшінші орында тұр. Сондықтан осы саланы жетілдіру аса маңызды. 

 

Нұрлан БАТПЕНОВ - ТРАВМОТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТАПЕДИЯ ҒЗИ ДИРЕКТОРЫ:

Мамандарды дайындау керек. Екінші жұмыс жас мамандарды үйрету керек. Үшінші соған клиника керек. Сосон ғылыми жағынан. Лабаратория керек. Біздің жаңа айтқан конструкцияларымызды бұлар да жасаймыз деп отыр. Сүйтіп біздің интеграция солай ашылады деп ойлаймын.

 

 

 

Сурет: www.deronstroy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер