Медициналық сақтандыру мәселесін жүйелі жүзеге асыру үрдісі жарты жылға ұзартылмақ. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бүгін мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік 2015 жылдың 18 қарашасында Ұлт жоспарын іске асыру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң бекіген болатын.Осы орайда арнайы қорға тиісті қаржы түсіп, ол келер жылдың қаңтар айынан бастап толықтай жүзеге асуы тиіс еді. Алайда бастамаға  мұқият басымдық берген мамандар заң жобасын толықтай жетілдіруді жөн көрген.

 

Тамара Дүйсенова - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:  

Біз  қорға төлейтін жарналар мен  аударымдарды жарты жылға ұзарттық. Сол себепт де 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  біріңғай  медициналық келісім жүргізіледі. Бүгінде медициналық ұйымдарда екі келісім шарт бар екенін білесіздер.Осы өзгерістер бастамамызға оң ықпалын тигізетін болады.

 

Мәжіліс қабырғасында мектеп медицинасын денсаулық  сақтау жүйесіне беру мәселесі де тілге тиек етілді. Тамара Дүйсенов жаңашылдық медициналық көрсеткіштердің көңілден шығуына пәрмен беретіндігіне сенімді. Жоспар жүзеге асса мектептердегі дәрігерлерге тиісті тексерістерден өтіп, біліктіліктерін арттырып отыруға тура келеді.

 

Тамара Дүйсенова - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Бүгінгі таңда балалар медицинасы білім беру жүйесі жағынан қаржыландырады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға мелекеттік жарна аударатын болғандықтан және оны фонд қаржыландыратын болғандықтан   біз оны денсаулық сақтау жүйесіне өткізіп отырмыз. Біріншіден.Екіншіден  әрине біздің салаға өткендіктен ұйымдастыру  структурасы өзгереді. Көрсетілетін медициналық көмегі қайта жасақталатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер