Жаңа жылдан бастап еліміздегі педиатрлардың жұмысы қайта жанданады. Баллон конвенциясына сәйкес, қазір емдеу мекемелерінде ересек те, бала да бір дәрігердің кеңесіне жүгінеді. Терапевт пен педиатрдың қызметін қатар атқарып жүрген мамандарды қазір жалпы тәжірибедегі дәрігерлер деп атайды. Олар бір кабинетте қарияны да, жас баланы да қабылдауға міндетті. Алматыда өткен балалар дәрігерлерінің 8-ші съезінде осы тақырып кеңінен сөз болды.

 

Енді 2017 жылдан бастап емханаларда балалар мен ересектерге арналған арнайы уақыт кестесі енгізіліп, сәбилерді педиатрлар қабылдайтын болады. Бұл туралы съезде сала министрлігінің өкілдері  мәлімдеді.

 

АНУАРБЕК МАЙМАҚОВ, ОҚО БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бұл жерде көтеріліп отырған мәселе – егер педиатр мамандықтарын резидентрларды көбейтсе, онда олар да сол педиатр жұмысын, сағатын көбейту керек.  Олар білімін бұрынғы педиатр маамандардан кем болмауы керек.

 

Қазір елімізде 6 мыңға жуық балалар дәрігері бар. Оқу орындарында педиатрларды арнайы факультетте оқытпайды, бірақ, оларды резидентурада дайындайды. Бұл білім жүйесіне болашақта өзгерістер қайта енгізілуі қажет, деді құрылтайға жиналған мамандар.

 

 

 

Сурет: yvision.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер