Ақтөбе облысының дәрігерлері әлемнің озық клиникаларының жетекші мамандарымен бас қосып, өзара ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойды.Израиль, Оңтүстік Корея, Ресей және Беларусь, АҚШ, және т.б. елдерінен келген мамандар өңірдегі бірқатар медицина мекемелерде болып, олардың  жаңа заманауи технологиялармен танысты.

 

Наталья ХЕДВАТ, МVI ИЗРАИЛЬ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің елмен екі арадағы байланыс алдымен медицинадағы озық технологияларды меңгеруге бағытталған. Сонымен бірге мамандарды оқытып, осында шеберлік сыныптарын өткізу. Біз Ақтөбеде облыс әкімінің қолдауымен жедел медициналық көмек бөлімшесін ашамыз. Мұнда науқасқа кез келген шұғыл көмекті сапалы түрде көрсете алатын боламыз.

 

Оңтүстік Кореяның жетекші медициналық орталықтарымен байланыс бұрыннан орнатылған. Кореялық дәрігерлермен бірнеше рет бірлескен операциялар сәтті өтті. Бауырға трансплантология жасалды. Енді «Синчеон Северанс» госпиталінің басшысы Ли Бен Сок қатерлі ісік ауруларын бірлесе емдейміз. Әсіресе қалқанша безі мен асқазанға операциялар жасаудың озық тәсілдерін ақтөбелік дәрігерлерге үйретеміз, - дейді.

 

Ли БЕН СОК, «СИНЧЕОН СЕВЕРАНС» ГОСПИТАЛІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ /ОҢТҮСТІК КОРЕЯ/:

Енді қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға күрделі операцияларды бірлесе жасап, тағы да шеберлік дәрістерді өткіземіз. Бастысы дәрігерлер мен медбикелерді тегін  оқытатын боламыз. Осылайша екі елдің іскерлік және гуманитарлық байланыстарын дамытуға өз септігімізді тигізбекпіз.

 

Форумға қатысушылар өңірде салынып жатқан әлемдік стандартқа сай жаңа жедел жәрдем стансасында болды. Сондай-ақ, офтальмологиялық аурухана құрылысымен танысып, мия тамырының шәрбатын шығаратын зауыттың жаңа цехына да бас сұқты. Денсаулық аллеясында жас көшеттер отырғызды.

 

 

 

 

Сурет: ru.mcudprk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер