Отандық медицинада тағы бір инновациялық операция жасалды.  Лазерлік литотрипсияны Алматыдағы № 4-ші  қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бірінші болып қолданды.  Мұндай отаның көмегімен несеп жолына жиналған тастарды толық үгітуге болады.. Емдеу мекемесінде күніне 50 - ге жуық күрделі операция жасалады. Жаңа қондырғының көмегімен осы уақытқа дейін 9 емдеу шарасы өткізіліп, барлығы сәтті аяқталған. Мұндай процедура порталға өтініш берген кезде тегін жасалады. Лито-терапия әдісі жүрек талмасына ұшыраған жандарға да еш зиян емес, дейді дәрігерлер. 

 

Снх: Ғабит Әбдиев, дәрігер-уролог

«1 тасты 3 минут ішінде литотриптер аппаратымен шаңға айналдырып жібердік. Келесі жеті тасты істеп болғаннан кейін аденома тур операциясы жасалатын болады. Біздің клиникамызда бұл операциялар өте жақсы деңгейде өтіп жатыр».

 

Сурет: krasota.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер