Сингапурда Зика вирусын жұқтырған тұрғындар саны 27-ге жетті. Осылайша, бұл елде қатерлі індетке шалдыққандар саны  242 адамды құрап отыр. Олардың арасында бірнеше жүкті әйел бар. Вирус - болашақ ананың құрсағындағы ұрықтың дамуын тежеп, шақалақтың бас сүйегінің көлемін кішірейтіп, ақыл-есіне кері әсер етеді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл соңына дейін вирустың жер бетіндегі таралу аумағы кеңейіп, 3-4 миллион адам оны жұқтыруы мүмкін. Сол себепті, аталған ұйымның қаңтар айындағы шұғыл отырысында бұл мәселе - Халықаралық масштабтағы төтенше жағдай деп танылды. Әлемде Зикаға қарсы әлі вакцина ойлап табылған жоқ.

 

Фото: ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер