«Денсаулық керуені» Қызылорда облысының шалғайдағы елді мекендерін аралап жүр. Жермен жетуі қиын аумақтарға білікті дәрігерлер әуе көліктерімен барып жатыр. Бір топ дәрігер Арал ауданының Ақбасты ауылына АН-2 ұшағымен жетті. 850 шақырымдық жолды әуе көлігі арқылы 3 сағатта еңсерді. Олар үй-үйді аралап, егде жастағы қариялардың денсаулығын тексерді.

 

Мараш Жүсіпбекова, облыстық медицина орталығының невропатолог дәрігері:

Қатарымызда гинеколог, невропотолог,кардиолог, балалар хирургі дәрігерлері бар. Бұл Ақбасты ауылына келгендегі себебіміз, бұл жерде үлкен жастағы және төсек тартып жатқан науқастарды келіп кеңес беріп, алдын-алу шараларын жасау болатын. Яғни бұл жерде инфаркті, инсультті алдын алу мақсатында.

 

 

 

Сурет: syrboyi.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер