Дәрілік заттар мен медициналық құралдардың бағасын төмендетуге арналған аукционның екінші кезеңі басталды. Онда бұған дейінгі конукурстан сүрінбей өткен 42 компания қатысып жатыр. Олар еліміз бойынша сұранысқа ие 535 өнімді жеткізуде өз ұсыныстарын білдіреді. Сөйтіп  қатысушылар арасынан медициналық препараттарды жеткізуде ең төменгі баға анықталады. Мақсат - дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға жарияланған қазынаның 73 миллард теңгесін үнемдеу. Осылайша, бәсекеге қабілетті отандық дәрі-дәрмек өндірушілерге қолдау көрсету көзделіп отыр. Ал бірыңғай дистрибьютерлік қоймаларға медициналық бұйымдар жеткізетін компаниялардың тізімі 22 тамызда белгілі болады. Айта кетейік, ең алдымен емханалар үшін бірінші қажеттегі вирустық гепатит, онкология, қант диабеті, туберкулез ауруларын емдеуге арналған препараттар мен вакциналар сатып алынады.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер