Ақтөбелік хирургтар алғаш рет зақымданған теріні қалпына келтіретін биоматериалды қолданды. Жасанды тері қондырылған алғашқылардың бірі - Сансызбай Жақып. Электрик-маман 10 мың вольттық жоғары кернеулі қуаттан күйік алып, ауруханаға түскеніне бір айдан асты. Басы, қол,аяғы қатты зақымданған. Қазір жағдайы тәуір. Алдағы аптада толық сауығып, үйіне шықпақ.

 

Сансызбай Жақып, науқас:

Дәрігерлердің өздері алдын-ала ескертіп айтты, солай жасанды тері деп, соны салды басыма, қолыма. Солардың алдында бәрін айтып, түсіндірді. Келгенде жараның аузы ашық болатын, қазір келгелі өте жақсы, қарап, ем жасап жатыр.

 

Биопластикалық материалды көлемі мен тереңдігіне қарамастан, түрлі кезеңдегі күйіктерді емдеуге пайдалануға болады. Материал адам терісімен беттесіп, сауыға келе бірігіп кетеді екен. Әрі жасушалардың жылдам қалыпқа келуіне де оң әсер береді.

 

Нұрлан Әбішев, облыстық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Ол материал адамның денесінде болатын гиалурон қышқылы бар, аминоқышқылдар бар, құрамы солардың аралас есебінде істелген материал. Сол материал да адам денесіне ұқсас, сол жабылады. Қабыршақтың астында жазылу процессі жүреді.

 

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында хирургтар әзірге 10 адамға осындай жаңа материалды қолданған. Нәтижесі жақсы. Бұл биопластикалық материал адам өміріне қауіпті түрлі тері ауруларын емдеуге де қолданылады. Пластикалық хирургия және эстетикалық медицинада да кәдеге жарап тұр.

 

 

 

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер