Павлодарлық дәрігерлер инсультпен күресудің жаңа тәсілі - «криоабляцияны» меңгеруде. Бұл заманауи технология әлемдік медицинада небары төрт жыл бұрын енгізілген. Қазіргі таңда бұл әдіс астаналық және алматылық кардиологиялық орталықда кеңінен қолданылып жатыр. Мамандардың айтуынша, жаңашыл әдістің арқасында жүрек қантамырлары жұмысының бұзылуына жол берілмейді.

 

Ройн РЕКВАВА, "ІШКІ АУРУЛАР КАРДИОЛОГИЯСЫ" ҒЗИ-НЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ):

 

«Медикаментозды емдеудің тиімділігі 20 пайыздан төмен. Радиожиілікті кариоабляциямен салыстырғанда орташа есеппен 80 пайыздан жоғары болады. Емдеу шараларын дер кезінде қолға алсақ, сырқаттың өмірін сақтауға мүмкіндік бар. 

 

Замануи әдіс кезінде Цельсий бойынша нөлден төмен 80 градус температурадағы сұйық азот қолданылады. Хирургтер өкпе көк тамырларын тоңызытады, соның арқасында отадан соң пациент жүрек дертінен тез арылады.

 

Дамир ҚАПШАҚБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

 

«Бұл технологияның күнделікті қолдануды жоспарлап жатырмыз. Себебі, қазіргі таңда жүрек ырғағы бұзылған азаматтардың қарасы қалың.

 

Айта кетейік, аталмыш әдісті павлодарлық кардиологтар еліміздің бес облысы арасында алғаш болып меңгеруде. 

 

Сурет: www.ayzdorov.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер