Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында басталуы тиіс Олимпиада ойындарының қарсаңында Зика вирусының таралу қаупі төмен. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Маргарет Чен Қытайдың Бейжің қаласында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ченнің айтуынша, халықаралық ойындар барысында қауіпті дерттің белең алуына жол бермеу үшін жергілікті билік тиісті шаралар қабылдаған.

 

Маргарет ЧЕН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Егер Олимпиада барысында адамдар масалардан қорғанатын заттарды пайдаланып, тиісті киім киетін болса, олар үшін Зика вирусын жұқтыру қаупі де төмен болады.

 

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы тамыздың 5-і мен 21-і аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада ұйымдастырылған алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.  Күні кеше шаһардағы Маракана стадионында ойындардың ашулы салтанатының соңғы дайындығы өткізілді. Халықаралық шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 500 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. Десе де, осы күнге дейін билеттердің 28 пайызға жуығы сатылмай қалған. Бұған Бразилиядағы экономикалық ахуал, қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы мәселелер себеп. 

 

Сурет: strategy2050.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер