Аса қауіпті Зика вирусы осы уақытқа дейін әлемнің 67 мемлекетінде тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы баяндамасында айтылған. Ұйым мәліметіне сәйкес, 11 елдің аумағында Зиканың адамнан адамға жұғу деректері анықталған. Аталған безгекті жұқтырған жүкті әйелдердің құрсағындағы ұрықтың дамуы тежеліп, оның микроцефалияға шалдығу оқиғалары 14 елде тіркелді.

 

Айта кетейік, масалар тарататын Зика вирусы ең алдымен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Себебі ол ана құрсағындағы баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. 

 

Сурет: zakon.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер