Мексикада бір аптада 141 адам Зика безгегін жұқтырды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың желтоқсанынан бері бұл дертке 927 тұрғынның шалдыққанын хабарлады. Олардың дені - Чьяпас пен Герреро штаттарының халқы. Дәрігерлердің айтуынша, вирус ең алдымен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Себебі ол құрсақтағы баланың миына әсер етіп, дамуына кері әсер етуі мүмкін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер