Денсаулық

Қазақстандық дәрігерлер жүрекке бұрын соңды қолданылмаған жаңа әдіспен ота жасады

28.06.2016 18:52

Медицина әлемінде тың жаңалық. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жүрекке бұрын соңды еш жерде қолданылмаған әдіспен екі бірдей ота жасалды. Оның бірегейлігі операцияның кеуде қуысын ашпай-ақ, қабырға арасын тесу арқылы  жүрек қақпақшасын биологиялық үлгісіне алмастыру мкіндігіндігі туып отыр. Ауыр операцияны көтере алмайтын қос қазақстандық науқас жаңа тәсілдің арқасында 4 тәуліктің ішінде  еш асқынусыз ауруханадан шығарылды.  Жергілікті дәрігерлер Қазақстанда сәтті орындалған тәжірибе әлем бойынша ендіріліп мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізетініне сенімді.

 

Серік ӘЛІМБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОЛОГЫ:

Еліміздің халқына шаққанда  жылына аортралды жүрек қақпақшасын ауыстыруға қатысты 90-100 ота жасалуы тиіс. Жаңа әдістің қолдануына байланысты бұл сан әлдеқайда өсуі мүмкін. Себебі бұрындары бұндай оталар ашық түрде орындалатын. Оны әр науқас көтере бермейді. Енді сәл наркоз қолданып жүрек қақпақшасын жаңасына алмастыра аламыз. Бұндай операция әлемде алғаш рет біздің елімізде жасалып отыр.

 

 

 

Сурет: heartcenter.kz

Көргендер саны: 1091
Жаңалықпен бөлісу