Денсаулық

Отандық дәрігерлер бауырды тірі донордан өзге адамға сәтті қондырды

28.06.2016 17:39

Отандық дәрігерлер алғаш рет шетелдік мамандардың көмегінсіз бауырды тірі донордан өзге адамға сәтті қондырды. Шетелде мұндай операцияның құны 150 мың еуродан асып түседі. Ал, бізде емделу мүмкіндігі тегін. Елімізде жыл сайын ағза ауыстыру бойынша 900-ге жуық операция жасалады. Оның ішінде бүйрек, бауыр трансплантациясы да бар. Соңғы үш жылдың ішінде Астана қалалық нөмірі бірінші ауруханасында 30-дан аса науқасқа операция жасалды. Оның жиырмасы бауыр, ал, қалған он үші бүйрегін ауыстырған. Бұл мекемеде ағза ауыстыру операциясы былтырдан бері шетелдік мамандардың көмегінсіз жасалады. Жыл сайын елімізде 4 мыға жуық сырқат бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, ұйқы безі сынды ағзаларын ауыстыруға мұқтаж.

 

Ерлан БАЙМАҒАМБЕТОВ, ЕМДЕЛУШІ:

Мен сияқты аурулар болса, науқастар болса қорықпай, кәдімгі батыл мен екі жыл қорқып жүрдім келуге. Осындай отаға келіспей. Бірақ екі жылдан кейін келдім, көзім жетті жігіттердің қолдарынан келетініне. Осы Қазақстанның қарапайым дәрігерлерінің қолынан келетінін. Сондықтан келістім осы отаға. Жағдайым жаман емес. келгенде қандаймын, қазір қандаймын?

 

Абылай ДОНБАЙ, 1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕПАТОБИЛИАРЛЫҚ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Операцияға дейін біз қан топтарын анықтаймыз. Қан топтары сәйкес келуі керек. Сосын генетикалық сәйкестік жүргіземіз. Репипиент пен донордың генетикалық сәйкестігін анықатаймыз. Оны анықтап болғанан кейін барып операцияға аламыз.

 

 

 

Сурет: www.zdrav.kz

Ілмектер
Көргендер саны: 927
Жаңалықпен бөлісу