Денсаулық

Индонезияда жалған вакциналар таратқан қылмыскерлер ұсталды

28.06.2016 11:59

Жалған вакциналар жасау мен сатуға қатысы бар 15 адам қамауға алынды. Индонезия полициясы ел астанасы Джакарта мен Бантен қаласы және Батыс Ява аймақтарында қызылша полиомелит, гепатит пен өзге де ауруларға қарсы егілетін жалған вакциналар тапқан. Үкімет осы дәріні сатқан кейбір жеке меншік ауруханалар мен дәріханаларды жапты. 15 күдіктінің бесеуі тікелей жалған екпелерді өндірумен шұғылданса қалғандары оны таратумен айналысқан. Жалған вакциналар жергілікті нарықта соңғы 13 жыл бойы сатылып келгені анықталды. Осыған байланысты үкімет балаларының денсаулығы күдік туғызған ата-аналарды оларға қайта егу жасауға нұсқау берді.

 

 

 

Сурет: mc-aybolit.blizko.ru

Көргендер саны: 389
Жаңалықпен бөлісу