Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге Зика вирусы таралған латынамерикалық елдерге бармауға кеңес берді. Десе де, ұйым өкілдері безгек тіркелген мемлекеттерге саяхаттауға және олармен сауда қатынасында ешқандай шектеу қойылмауы тиіс деп есептейді.

 

Бұған қоса, Зика белең алған аймақтарға баратын адамдарды ондағы қауіп пен аурудан сақтану жолдары туралы хабардар еткен жөн, деді ұйым өкілдері.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Маргарет Ченнің мәлімдеуінше, алдағы уақытта Зиканың таралу аумағы кеңеюі ықтимал. Осыған байланысты ұйым вирусты зерттеу жұмыстарын жеделдетуге бел буған. Ченнің айтуынша, Зика әйел құрсағындағы нәрестеде микроцефалия ауруынан бөлек, оның жүйке жасушаларын зақымдап, ұрықтың өлуіне себеп болуы да мүмкін.

 

 

 

Сурет: sinocom.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер