Зика безгегі көршілес Ресейге жетті

Зика безгегі көршілес Ресейге жетті

Атышулы Зика безгегі көршілес Ресейге де жетті. «Роспотребнадзор» мекемесінің хабарлауынша, қауіпті вирус Доминикан Республикасынан Мәскеуге оралған әйелдің бойынан анықталды. Қазіргі кезде науқасқа жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлік көмек көрсетілуде. Оның отбасы мүшелері де бақылауға алынды. Науқас келген ұшақ тексеріліп, онда болған жолаушылардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрмағаны айтылды.  

 

Сурет: www.gazeta.ru