Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды. Мұндағы автоматтандырылған іздеу жүйесінен мыңнан астам дәрі-дәрмекті табуға болады. Фармацевт-маман пернетақтадан тауардың атауын тереді, дәрі мөлдір тұрба бойымен сатып алушыға жетеді. Құлтемірдің көмегімен уақыт үнемделеді. Үш минут ішінде оннан астам адамға қызмет көрсетіледі. Айта кету керек, қондырғы өз қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады. Мәселен, сыртқы есік жабылмай қалып, іштегі ауа қысымы өзгерсе, жұмысын тоқтатады. Қандай да бір препарат таусылып қалса, дыбыстық хабарлама береді. Электр жарығы өшкен жағдайда, генераторды өздігімен іске қосады.   

 

Гүлнәр МУСИНА, ДӘРІХАНА БАСТЫҒЫ:

Дәріхана құлтемірінің артықшылығы, ақпарды жедел әрі қатесіз жүктеуінде. Тұтынушыға тез қызмет көрсетеді. Фармацевт бұрынғыдай дәрі іздеуге уақыт жұмсамайды. Компьютерден терілген дәрмек 10-15 секундта клиентке беріледі.

 

Жазира ҚАЛАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте ыңғайлы, санаулы секундттарда жеткізіп береді. Басқа аптекаларға барған кезде кішкене іркілістер болады. Ал мұнда санаулы секундттарда жеткізіп береді, қалған дәріңізді. Келдім, іркілмей алып бара жатырмын. 

 

 

 

Сурет: dsb.mangystau.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер