Отандық медицинаның жаңа жетістігі - Kazakh TV

Астаналық нейрохирургтер мидың қатерлі ісіктеріне операция жасаудың тың тәсілін меңгерді. Бұған дейін адам миындағы қауіпті ісікті алу барысында сау клеткалар зақымдалып келсе, енді бірегей неміс препаратының арқасында дерт шалмаған жасушаларға пышақ тимейтін болады. Препараттың ерекшелігі – ол ағзаға енгізілгеннен кейін, қатерлі ісікті қызыл түске бояп, нәтижесінде хирургтер сау  клетккаларды зақымдамайтын болады. Тың методиканың авторы неміс хирургі - Вальтер Штуммер. Осынау әдіс бойынша мыңдаған адамға операция жасаған ол, елімізге арнайы келіп, қазақстандық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді.

 

Нұржан РЫСКЕЛДИЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Бұл операциямен шетелдерде істелетін бағасы өте үлкен. Бізде үкімет төлеп жатыр. Квотамен істелетін операциялар. Бұл жылдың ішінде оншақты операция өтті. Бүгінгі істеліп жатқан операция үшінші операция профессормен бірге істеліп жатқан.

 

 

Сурет: assalam.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер