Жұмыс берушілер міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна салуға міндеттелмек - Kazakh TV

Жұмыс берушілер еңбеккерлер жалақысының 5 пайызына дейін міндетті сақтандыру қорына салмақ. Қорға жарналарды салудың мұндай жүйесіне біртіндеп көшу жоспарлануда. Яғни 2017 жылы 2 пайыздан басталса, 2020 жылға дейін олардың көлемін 5 пайызға дейін жеткізу көзделген. Бүгін Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды. «8 млн-нан астам азаматқа, яғни ел тұрғындарының жартысы үшін жарналарды мемлекет төлейтін болады»,- дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ:
- Жұмыс берушілер 5 пайыз төлейтін болады өздерінің жұмысшыларына. Ол 6 млн-нан артық азаматтар. Ал жұмысшылардың өздері  өздерінің еңбекақыларының есебінен 2 пайыз төлеп отырады. Осы жарналардың барлығы жұмыс берушілерден де, жұмысшылардан да корпоративтік те, жеке салықтан да алынып тасталатын болады.

 

Министрдің айтуынша, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер пакетінің 3 түрі ұсынылмақшы. Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек көлемі. Оған жедел жәрдем, санитарлық авиация, шұғыл жағдайлар мен әлеуметтік дерттер кезіндегі медициналық көмек көрсету сынды қызметтер еніп отыр. Мұндай медициналық көмек барлық  тұрғындарға арналған.

 

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ:
- Екіншісі, қосымша осы пакетке берілетін медициналық ол әлеуметтік медициналық жүйеден беріледі. Яғни фондтың есебінен, мұндай фондтан көмекті жүйеге қатысушы азаматтар алатын болады. Және үшіншісі, азаматтар өздерінің қалауы бойынша ерікті медициналық сақтандыруға қосылатын болса, үшінші пакетті алуына болады. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер