Қазақстан «жасыл» экономикаға жүйелі түрде өтуде. Аймақтарда баламалы энергия көздерін дамытуға «жасыл технологиялар» халықаралық орталығының жұмысы тың серпін берері анық. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының мүшесі Салтанат Рахымбекова осылай дейді. Оның айтуынша, аталған орталық «жасыл» жобаларға қаржылық және сарапшылық қолдау көрсетумен айналысады. Ал жетілідірілген технологиялар бизнес үшін қолжетімді бола түседі. Орталықта жасыл инновациялар бойынша арнайы оқыту семинарларын өткізіліп тұрады. Еске сала кетейік, елімізде ЭКСПО 2017 көрмесінде ұсынылған 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып жатыр.

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - «Жасыл» бизнесті дамытуға барынша жағдай жасау маңызды. Мұнда арнайы жеңілдіктер, субсидиялар қарастырылу керек сияқты. Сондай-ақ, бизнес пайдалана алатын технологиялар болуы тиіс. Сол себепті Халықаралық жасыл технологиялар орталығының құрылғаны маңызды. Бұл туралы 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Елбасының өзі айтқан. Біздің халықаралық орталықта технологиялар тұрақты негізде жаңартылып отырады. Жоспарымыз осы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер