Орталық Азия аймақтарында гидроэнергияны дамыту - Kazakh TV

Каспийде және тұтастай алғанда Орталық Азия аймағындағы гидроэнергияны дамыту Тбилисиде өткен халықаралық конгресте басты тақырып болды. Бұл кәсіби бағыттағы алаңға 100-ден астам сарапшы, жеке сектор өкілдері, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және бірқатар басқа елдердің мемлекеттік қызметкерлері жиналды. Сарапшылар инвестициялық халықаралық ынтымақтастықты арттырып, жоспарланған жобаларды тиімді жүзеге асыруды талқылады. Сонымен қатар, қолданыстағы ГЭС-терді жаңғырту мен  жаңаларын салу төңірегінде де пікір алысты. 

РОМЕО МИКАУТАДЗЕ, ГРУЗИЯ ЭКОНОМИКА, ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл іс-шараның екінші жыл қатарынан Тбилисиде өтуі кездейсоқ емес. Шетел компаниялары тарапынан, атап айтқанда, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан компанияларының қызығушылық білдіруі - осы бағытта Грузия жүргізіп жатқан  саясатының дұрыс екенін көрсетеді.

Айта кетейік, Орталық Азия аймағындағы елдер «жасыл» технологияларды дамытуға көп көңіл бөледі. Соның ішінде, Қазақстан баламалы қуат көзін пайдалану бойынша көшбасшы болуға ниетті. Елбасының биылғы халыққа Жолдауында да бұл туралы кеңінен баяндалды. Бразилия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Антонио Джункейра мұндай жобалар энергетикалық кешенді дамытудың ең перспективті жолының негізін қалыптастырады деп есептейді. Және бұл республика ғана емес бүкіл аймақ үшін тиімді болмақ.

АНТОНИО ДЖУНКЕЙРА, БРАЗИЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ СІМ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан Президенті өзінің соңғы жолдауында шикізат саласын ұйымдастыруды және табиғи ресурстарды басқару тәсілдерін сыни тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі туралы айтты. Қазір көптеген елдер өзінің ұлттық саясатында және даму стратегиясында «жасыл экономиканың» түрлі әдістерін пайдаланып жатыр. Сонымен қатар, біз Қазақстан Президентінің ресурстық әлеуетті ары қарай да дамыту жөніндегі шараларын заңмен бекіту бастамасын қолдаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер