Ұлтық нақышта пішілген текеметтер мен құрақ көрпелер, киізден жасалған картиналар, қыш пен ағаштан  әзірленген кәдесыйлар. Елордада қол өнер шеберлерінің сиқырлы саусағынан туған сәндік және қолданбалы бұйымдар көрмесі өтті. Бұл халықаралық «Expo&Women» ұйымының бастамасымен қолға алынған ART-Event «Open Road» атты жаңа жоба жемісі. Игі шара алдағы жылы Пекинде өтетін «ЕХРО-2019» халықаралық көрмесі мен қытайлық көктем мерекесіне арналып отыр. Мұнда келушілерге көздің жауын алатын әсем заттарды қызықтап қана қоймай, ұнағандарын сатып алу мүмкіндігі жасалды. Сондай-ақ балаларға «Beijing-2019» шарасының басты тақырыбына айналатын  бағбандық өнердің қыр-сырын үйрететін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

САЛТАНАТ РАҚЫМБЕКОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Біз бұл шара арқылы «Beijing EXPO», «Dubai EXPO» көрмелеріне қатысуды ниет етіп жүрген шеберлердің басын қостық. Екі бірдей халықаралық шарада былтыр біздің алаңда өткен көрменің тақырыбын жалғастырады. Бұл негізінен жасыл экономика саясаты, баламалы қуат көздері, ақылды қалалалар. Сондықтан біз осындай шаралардың нәтижесіндде халықаралық көрмеде еліміздің атынан қатысуға лайықты деген үздік жобаларды іріктейміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер