Еліміз осы жылдан бастап ЭКСПО-2017-де ұсынылған инновациялық технологияларды кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастайды. Айта кетейік, өткен жылдың жазында сарапшылар тобы, жасыл технологияларды төрт бағыт бойынша дамыту үшін 130-дан астам жерді таңдап алды. Жобалардың басым бөлігі еліміздегі электр энергиясын үнемдеуге және оны дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, республикамызда экология, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ саласындағы инновацияларды қолдану бойынша жобалар қарастырылған еді. Осы бағыт бойынша отандық ғалымдар көпшілік әлі біле бермейтін, 28 ерекше технологияны ұсынды. Ал энергетика министрлігінің мәліметі бойынша 40-қа жуық жоба қала мен облыс әкімдерінің қызығушылығын оятып отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын жылыту жүйесін енгізу жоспарланып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба ауаға зиянды қалдық шығармайды, керісінше, оны екі есеге азайтады. Сонымен қатар, су тазарту құрылғылары мен эко капсула, автономды жылжымалы станция және қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау технологияларын іске қосу басты назарда тұр.

 АЙНҰР СОСПАНОВА, ҚР ЭМ ЖАҢАРУШЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан – энергия көздеріне бай аймақ. Бізде көмір мен мұнай,  басқа да энергия көздері бар. Бірақ, жаңа инновациялық энергетикалық технологиялармен қарқынды жұмыс істеу үшін, біздің елімізде қалпына келетін энергия көздерін дамытқан жөн. Сонымен қатар, парниктік газдар мен басқа да зиянды заттардың шығарылуын азайту керек. Сәйкесінше жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер