Сеулде ЕХРО-2017 көрмесінде болған Корея павильоны жұмыс істейді

ЕХРО-2017 көрмесі өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазір Оңтүстік Кореяда, Сеулдің ірі көрме орталықтарының бірінде Корея павильоны жұмыс істеп тұр. Сеулдегі көрменің алды ЕХРО-2017 стилінде жасақталған. Келген қонақтарды Астана көрмесінде тоқсан күн жұмыс істеген гид Ку Ду Вон қарсы алды. Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде білім алған. ЕХРО-да үш ай тәжірибе жинақтап, қазақ, орыс тілдерін аздап меңгере бастапты.     

КУ ДУ ВОН, EXPO-2017 ЕРІКТІСІ:

 - Үш айдың ішінде мен өмірлік қосағыммен таныстым. Ол Қытай павильонында жұмыс істеді. Ең үлкен «Нұр әлем» атты қазақстандық павильон есімде қалды. Көрмені жақсы ұйымдастырғансыздар.

Корей павильонына келген қонақтар Қазақстан туралы, Астанада өткен көрме туралы ақпарат алады. Сонымен қатар, анимациялық фильмдер көріп, болашақ қуаты туралы ақпар беретін ойындарды ойнауға болады.

ЛИ А ДЖОНГ, КӨРМЕГЕ КЕЛУШІ:

 - Менің білуімше, Қазақстан бізден алыс және қарқынды дамып жатқан ел. Көрмеге келіп бізге баламалы энергия керек екіндігін білдім, өйткені қоршаған ортаны ластап жүрміз.

ЭКСПО-2017-ның Корея павильоны Сеулде қарашаның соңында өз жұмысын бастады. Мұнда күнде шамамен сегіз жүз адам келеді.