Үш айға созылған ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмеcі Қазақстанның әлемдік аренада беделін артырып, ел мәртебесін көтерді. Гумбольт университетінің еуропалық бағдарламалар жетекшісі Маттиас Парске осы пікірді алға тартады. Шетелдік қонақ көрмеге Германиядан екі рет келіпті. Әр келген  сайын барлық павильондарды аралап, ой елегінен өткізген. Сарапшы маман халықаралық шараның басты символына айналған «Нұр Әлем» кешеніне, оның құрылысы мен ақпарат ұсыну тәсіліне жоғары баға берді.

МАТТИАС ПАРСКЕ, ГУМБОЛЬТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖЕТЕКШІСІ:

 - Мен ЭКСПО-ны көру мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Астана қонақтарды жоғары дәрежеде қарсы алды. ЭКСПО-ның ұйымдастыру деңгейі таң қалдырды. Тамаша шара. Астананың дамып, керемет қалаға айнлағанын көріп көз қуанды. Германияның, Австрияның және Польшаның павильондары ерекше есте қалды. Дегенмен, "Нұр Әлем"- нағыз өнердің туындысы дер едім. Энергияның қолжетімді барлық түрі қойылған.

Польша парламентарийлері де Қазақстан халықаралық ЭКСПО көрмесін абыроймен өткізгенін атап айтып, жоғары баға берді. Ел президентінің делегациясы құрамында Астанаға арнайы келген Барбара Бартущь көрменің ұйымдастырылуын  үздік деп таныған.

БАРБАРА БАРТУЩ, ПОЛЬША-ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТОБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Қазақстан - Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Ол аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі десек те болады. Оның үстіне Қазақ-поляк парламент тобы - Польша парламентіндегі ең үлкен топ. Бұл қос тараптың да әріптестікті дамытуға мүдделі екенін көрсетеді. Польша президентінің делегациясы құрамында, Қазақстанның Елордасына бардық. Халықаралық ЭКСПО көрмесін үлкен дәрежеде өткізді. Жетістіктеріңізді көріп таң қалдым. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер