ЕХРО халық игілігіне қызмет етеді. Көрме қалашығы қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратын ең танымал орынға айналмақ. Мысалы, биыл елдің бас шыршасын көрме қалашығының аумағына орналастыру көзделген. Сондай-ақ дәл осы жерде желтоқсан айында аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын мұз айдыны ашылмақ.

ДӘУЛЕТ ЕРКІМБАЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Мұз айдыны 11-қарашада ашылады. Бір сеанс ұзақтығы шамамен 4 сағатқа  жуық.  Ал мұз қалашығы жобасы Астана қаласының әкімдігімен бірге жүзеге асырылады. Ол үшін белгілікті бір салқын температура қажет. Мұз қалашығын желтоқсан айының басында ашуды жоспарлап отырмыз.

11-ші қарашадан бастап мұз айдынымен бірге келушілер үшін ЕХРО-дағы 4 нысан қайта ашылмақ. 2 күн бойы  «Нұр Әлем» павильонын, тақырыптық павильондарды, Үздік тәжірибелер аймағын, Энергия холы мен Арт орталығын тегін тамашалауға болады. 14 қарашадан бастап билеттер сатыла бастайды. Барлық павильондарға кіру құны – 1500 теңге. Бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

МАРАТ ОМАРОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  КОНТЕНТ ЖӘНЕ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Көрме кезінде көптеген павильондар асығыс көрілді. Мысалы, Сфераны қарап, оның ішіндегі технологиялармен танысып шығуға шамамен 3 жарым сағат қажет болды. Алайда келушілер бұл үшін бар болғаны 40 минут жұмсады. Енді басты павильондағы жобалармен егжейлі-тегжейлі танысу мүмкіндігі туындап отыр. Келушілер үшін көптеген тосынсыйлар әзірледік. 

Осылайша, ұлттық компания ЕХРО қалашығын айрықша туристік аймаққа айналдырмақ. Көрме нысандары шетелдік меймандар үшін де қызықты болатынына сенімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер