EXPO көрмесіндегі жобалар өңірлерде жүзеге асырылуда. Қостанай облысында мамандар 105 технологияның ішінен 10 инновациялық жобаны іріктеп алған. Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында сөз болды. Мәселен, коммуналдық кәсіпорын су тазартатын тың әдістерді пайдаланып жатыр. Ал, Лисаков қаласында көше шамдарының орнына күн батареялары қойылған. Бұл технологиялар айтарлықтай арзан емес. Бірақ, экономикалық тұрғыда тиімді болса, Қостанайдың өзге де аудандарында қолданысқа енгізілуі мүмкін.

ЕРКІН ӘБІЛ, ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

 - Бұл жаңа жобаның экономикалық тиімділігі жөнінде айту әлі ертерек. Біз өзге де аудандарға осы жобаны енгізу мәселесін жыл соңында облыс мәслихатында қарастыратын боламыз. Ал, біз университеттің бір корпусындағы сыртқы шамдарды күн батареяларына алмастыратын болсақ, 1 жылдың өзінде 1 жарым млн теңге үнемдейміз. Әрине бұл технологиялар қымбат. Кейбірі 5-6 жылда өзін-өзі ақтаса, енді бірі аз уақытта тиімділігін көрсетеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер