Астана ЕХРО көрмесі «Болашақтың энергиясын» жаһан жұртшылығына таныстыруда өз мақсатын сәтті орындады. Қатысушылар мен қонақтар тарапынан жоғары баға мен жағымды пікірге ие болуы соның дәлелі. EXPO көрмесіндегі Шанхай Ынтымақтастық ұйымы павильонының атқарушы директоры болған Сунь Ли осылай дейді. «Жасыл» технология саласындағы үздік жаңалықтар жарыққа шығып, келешекте адамзаттың игілігіне жарары сөзсіз. Сондай-ақ, Сунь Ли халықаралық шара Қазақстан мен Қытай достығын тағы бір сатыға көтерді деп есептейді. «Астана EXPO 2017» көрмесінде «тақырыпты ашу» номинациясында күміс жүлдегер атанған Қытай павильонын жарты миллион адам тамашалаған.

СУНЬ ЛИ, ШЫҰ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - EXPO мен үшін қуатты елге тән мінез бен ақжарқын пейілдің көрінісі болды. Осы маңызды шара арқылы Қазақстан өзінің «жасыл» энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Әлем жұрты Қазақ елін жақыннан танып, мәдени құндылықтарына қанықты деп ойлаймын. Мен қанша жерде болсам да, соның ішінде Астана маған үлкен әсер қалдырған қаланың бірі.

Астанада болған британиялық сарапшылар ЕХРО-2017 көрмесінен ерекше әсер алғандарын айтады. Шараның тақырыбы да өзекті. Сондықтан қазақ елінің бұл мақсаты әркімді де толғандырады дейді олар.

ДЖОНАТАН АВЕС, САРАПШЫ:

 - Меніңше, «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған. Менің ойымша, мұнай мен жанармайға негізделген экономиканы энергияның жаңа түрлеріне ауыстырудың жолдары іздестіріліп жатқанын әр адам естіп, қуанып жатыр. ЕХРО-ға барып, әлемнің әрі қарай қалай өзгеретініне куә болу өте қызықты болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер