EXPO 2017 Қазақстанда «жасыл технологиялардың» дамуына ерекше серпін берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мен Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының айтуынша, халықаралық шараның маңызы мен тиімділігін бағалайтын кезең жаңа басталды. Алдағы уақытта баламалы қуат көздерін өндіру ісі тіптен қарқын ала түспек. EXPO көрмесіне Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары 9 серпінді жоба ұсынған. Енді оны өндіріске енгізу жағы қаралмақ.

САМАТ ҚАЙРАТҰЛЫ, ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Біздің жас мемлекет ретінде, болашағымызды айқындау ретінде осы ғылыми техникалық саланы  дамыта отырып, біз осы жасыл энергетиканы, табиғаттың күштерін пайдалану арқылы өзіміздің индустриалды деңгейге, яғни білімді, ғылымды дамыту, жастарды осы салаға бағыттау мақсатында серпін күш береді деп ойламын ЕХРО-ның қорынтындысы.

Қазақстанда баламалы энергетика технологияларын қолданысқа енгізудің нақты мысалдары көп. Атап айтқанда, Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы ферма бес жылдан бері күн сәулесінен алынған энергияны пайдаланып келеді. Шаруашылық құрылғыларды орнатудың өзінен 60 млн теңге қаражат үнемдеген.

АНДРЕЙ МАТВЕЕВ, ФЕРМА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Әрбір панель шамамен 160 ватт көлемінде қуат береді. Ол аккумуляторға «құйылады». Күн сәулесінен алынған энергия одан әрі арнайы жабдықтарда реттеледі. Оны күн сайын қадағалап тұру қажет.

Ферма аумағында тап осындай үш нысан бар. Олардың әр қайсысын орнату, электр жүйесіне негізделген жабдықтармен салыстырғанда 15-20 млн теңге арзанға түскен. Ұңғымалардан су тартатын жүзге тарта астау осы құрылғыларға бағындырылған. Сиырлар тақағанда ол автоматты түрде жұмыс істейді.

Мұнда сиырлар қысы-жазы ашық аспан астында. Алты жарым мыңнан астам ірі-қараны бағуға 9 малшы жеткілікті. Жануарлар 5,5 килавольт тоқ беретін қоршаудан асып кетпейді.

НҰРБОЛАТ ҚҰТҚОЖАЕВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің негізгі тиімділік электр қоршауды қолдану. Мысалы, бізде 6000 гектардың үстінде жер қоршалған. Ұзындығын есепатегенде электр қоршаудың 300 шақырымдай. Оның барлығы күн сәулесі арқылы шығарылатын энергиямен қамтамасыз етілген.

ЕХРО көрмесіне белсене қатысқан Павлодар облысының басшылығы болса, шара кезінде әлемнің 22 елінің 112 компаниясымен іскерлік кездесу өткізген. Соның қорытындысы бойынша қазір көкөністерді қайта өңдеуге арналған 3, энергетика саласында 2, химия, білім беру, туризм мен машина жасау саласында бір жобадан жүзеге асырылуда.

БОЛАТ БАҚАУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- EXPO көрмесі кезінде өңірде енгізуге тұрарлық 20 жоба таңдап алынды. Олардың бірі Польша елінің жылуы мол ал көмірқышқыл газы аз түзілетін «Көгілдір көмір» технологиясы. Сондай –ақ жайлауларға орнату үшін әрқайсысының қуаттылығы 1 МВт болатын неміс жел құрылғыларында сатып алу көзделуде.

ЕХРО көрмесі үшін арнайы құрылған инновациялық жобалардың бірқатары Қарағанды облысында жүзеге асырылады. Аймақтағы ірі кен және өндірістік компаниялар мен коммуналдық кәсіпорындар жасыл технологияны енгізуге дайын. Бүгінгі таңда шет ел ғалымдары ұсынған 35 жоба кәсіпкерлердің сұранысына ие болып отыр. 

ҒАЛЫМЖАН ЖҰМАСҰЛТАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Қоқысты өңдеп одан қосымша газ бен электр қуаты алынатын болады. Яғни ешқандай  материалдық ресурстарды қажет етпейді және арзан электрқуаты мен жылу береді.

Жақын арада аймақтағы өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарда жобаларды енгізу бойынша «Жол картасы» бекітіледі.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер