«Болашақ энергиясы» тақырыбымен өткен Астанадағы ЕХРО халықаралық көрмесіне қатысқан мемлекеттер ауқымды шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтуда. Елордада заманауи энергетикалық саясаттың басымдықтары бойынша жаһандық диалог ұйымдастырылып қана қоймай, баламалы энергетика саласындағы үздік тәжірибе таныстырылды. ЕХРО-ға қатысқан 115 мемлекеттің ішінде Израиль павильоны «Үздік тұсаукесер» дәрежесінде жеңіске жетті. Көрме аясындағы шараларға атсалысқан израильдік компаниялардың қызметкерлері отанына қайтып, көрмеде алған әсерімен бөлісті.

 

ПАВЕЛ МАСЕЖНИК, ИЗРАИЛЬДІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Көрменің пайдасы бәріне тиді. Өз павильондарын құрған елдердің өкілдері де, оларға қонаққа келгендер де көп нәрсені үйренді. Талай кездесу өтіп, өзара байланыс орнады. Жаңа технологиялар мен оларды қолдану мүмкіндектері  талқыланып, тәжірибе алмасу ісі де сәтті өтті.

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты көпшілікті тамсандырды. Британиялық UCL (Ю Си эЛ) университетінің студенті қазақстандық достарымен бірге бұл шараны онлайн режимде көрген.  

 

МАРТА БАДЛИЯ, СТУДЕНТ /ҰЛЫБРИТАНИЯ/:

 - Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бірден аңғаруға болады. Бұл Қазақстанды бүкіл әлемге танытудың үлкен бір мүмкіндігі деп ойлаймын. Бұл сіздердің «Жасыл энергия» атты жаһандық бастамаға қосқан үлестеріңіз болды. Халықаралық көрменің жабылу салтанатында әсіресе адамдардың қол ұстасып, бір-бірімен энергия бөліскен сәті есімде қалды. Қазақстандықтарды маңызды шараның сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер