ЕХРО-2017 елдік пен бірлікті паш етті. Көрменің жабылу салтанатын тікелей эфирде тамашалаған Қытай астанасындағы қандастарымыз осылай дейді. Айтуларынша, ЕХРО Қазақстанды төрткүл дүниеге жаңа қырынан танытып, қазақ халқының мерейін өсірді.

 

ШАЛҚАР САНСЫЗБАЙҰЛЫ, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Бұл ел экономикасының дамуына үлкен үлесін қосты. Көп адамдар жұмыспен қамтылды, шағын және орта бизнес дамыды. Сонымен қатар туризм саласы да бірге дамыды. Шет елден көп туристер келді.

 

ЕХРО көрмесінің базасында елордада «жасыл» технологияларды дамыту орталығы құрылатын болды. Онда отандық ғалымдар Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан елдеріндегі әріптестерімен бірлесе еңбек етіп, зерттеу жүргізеді. Осылайша, Қазақстан әлемде баламалы энергетиканы дамытуға елеулі үлес қоспақ.

 

ЧЖАО ХУЭЙЖУН, РЕСЕЙ, ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Көрме тек Қазақстан «дауысын» әлемге тарататын алаңға айналған жоқ, сонымен қатар, әлем елдері тың идеяларын ортаға салатын маңызды орынға айналды. Қазақстан дәстүрлі энергетика көздеріне соншалықты бай болса да, алғаш рет батыл қадам жасап «Болашақтың энергиясы» тақырыбында көрме өткізді. Осыдан-ақ біз көршіміздің адамзат баласының жарқын болашағы берекелі болсын деген үлкен құлшынысын байқаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер