ЕХРО қалашығында көрме аясында ел өңірлерінің мәдениет күндері жалғасын тапты. Солтүстік Қазақстан облысы «Этноауыл» ұлттық кешенінде «Атамекен. Әкелер жері» атты тарихи мұражайының 700-ден астам жәдігерін ұсынды. Сондай-ақ, Астана сахнасында Солтүстік өңірінің театр ұжымдары өнер көрсетті.

 

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТ. ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - 2000-жылы мәдениетті қолдау жылында елбасы өзі арнайы келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы тұсауын кескен Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры 17 жылдық тарихы бар бүгінде 70-ке жуық қойылымды сахналап үлгерді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жиналған қауым қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді ойындарға қатысты. Құсбегіліктің қыр-сырын меңгергендер де өз өнерін паш етті. Ат құлағында ойнайтын шеберлерге де баға берілді.

 

ӘЛІБЕК НҰРТАЕВ, ОҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Жарысымызға Қазақстанның Астана мен Алматы және басқа да облыстарынан спортшылар келіп қатысып жатыр. Жарысқа шет елдерден келген көрермендердің қызығушылығы өте жоғары.

Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері бір аптаға жалғасты. Ауқымды шара ЕХРО аумағындағы амфитеатрда қорытындыланды. Гала концертте өңірдің ең мықты өнер өкілдері сахнаға шықты.

 

ЗАТТЫБЕК КӨПБОСЫНОВ, ӘНШІ:

 - Халықтың пікірімен санаспасақ тағы болмайды. Сол кісілердің бәрінің қалағаны Ақмаржан болған екен. Сондықтанда сол Ақмаржанмен бүгін Астананың ЕХРО ның төрінде  таза ауада әдемі кештің ортасында сол әнімізді шашқалы тұрмыз. Бұл деген елдің сәлемі. Оңтүстіктің астанаға деген үлкен құрметі.

 

ЖҰБАНЫШ ЖЕКСЕНҰЛЫ, ӘНШІ:

 - Барлық қазақстандықтарды осынау елімізде болып жатқан, арқаның төрінде болып жатқан ЕХРО көрмесімен, осындай бірмеркесімен құттықтағым келеді. Одан кейін мына ЕХРО-ның соңғы күндері осы бір аптаның көлемінде сол тайлы тұяғымызбен осы жаққа бет бұрып, сол өңірде жүргені бар, өңірден шығыпғ басқа жақта жүргені бар, оңтүстіктен шыққан қыздар, жігіттер жалпы ағаларымыз, апаларымыз оңтүстік қазақстан облысының күндеріне келіп отырмыз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер