Әйелдердің «жасыл» экономиканы дамытудағы мүмкіндіктері талқыланды. Астанада «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» форумы өтті. Жиынға әлемнің 25 елінен 300-ге жуық делегат қатысты.

 

САЛТАНАТ  РАХЫМБЕКОВА,  «EXPO & WOMEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - ЕХРО адамзат үшін өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Қазіргі таңда мұндай мәселелердің бірі климаттың өзгеруі болып табылады. Сондықтан баламалы энергия көздерін пайдалану, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығуын азайтуға байланысты жобаларға ден қою керек. Астанадағы ЕХРО «жасыл» технологияларға тиімді көшуге болатындығын дәлелдеді деп ойлаймын.

 

НАТАЛЬЯ КОЧАНОВА, БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Табиғат байлығының таусылатын кезі болады.  байлығының да таусылар кезі болады. Сондықтан біз осы кезден-ақ, болашақ жайын ойлауымыз керек. Қазіргі таңда жасыл экономикаға өту әлем халқы үшін маңызды екені анық. Бұл ретте әйелдердің де алар орны ерекше. Әйелдер бизнесте, білім мен ғылымда өздерінің біліктілігін көрсетіп жүр. Ендеше «Болашақ энергиясын» қалыптасыруда біздің рөлімізде ерекше болмақ.

 

Форум қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданды. Құжат жұртшылықты  қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Форумға қатысушылар қарардағы шешімдер «жасыл» экономикаға көшуді жеделдете түседі деген сенімде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер