Астанадағы ЕХРО көрмесіне қатысқан Біріккен Ұлттар Ұйымы өз павильонының үш айдағы қызметін қорытындылады. Қалашықтағы Халықаралық ұйымдар Плазасына бас сұққан қонақтар БҰҰ-ның Қазақстанда қолға алынған қанатқақты бастамаларын іс жүзінде сынай алды. Кешенде өміршеңдігімен танылған 6 бірдей жоба ұсынылған.  Атап айтсақ, олар: жарықдиодты жылыжай үлгісі, интерактивті құмсалғыш, күн қуатының атласы, шағын су электростансасы, көміртек ізін есептеуіш құралы және көгалды суғару жүйесінің жаңа үлгілері. Бір сөзбен павильонға келген әр жан өз іздеген көмбесіне жолығады. БҰҰ-ның «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы жобаларымен танысқан меймандар саны 100 мыңнан асты.

 

НОРИМАСА ШИМОМУРА, БҰҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Инновациялар, соны ойлар мен тың тәсілдер, сондай-ақ ЕХРО аясында жасалған өзге де жаңа жобалар баламалы қуат көзінсіз тұрақты дамуға қол жеткізудің оңай еместігін көрсетті. Осылайша, бұл халықаралық мамандандырылған көрме концепциясы күллі әлем назарын өзіне аударды. Ауқымды жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Көптеген елдермен жасыл энергетика тұрғысында тәжірибе алмастық. Қазақстанды халықаралық ақпарат алмасу орталығына айналды деуге болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер