ЕХРО-ның 180 экспонаты халықаралық көрменің Шанхай қаласында орналасқан музейіне табысталды. «Таңғажайып Шанхай» деген атаумен өткен шараға 40-қа тарта мемлекеттің өкілі қатысты. Кездесуде музейдің маңыздылығы, оның қорын жәдігерлермен толықтыру жайы айтылды. Айта кетейік, Шанхай көрмесі 2010 жылы  «Жақсы қала – жақсы өмір» деген тақырыппен өткен болатын. Қазақстан бұл шараға «Астана – Еуразия жүрегі» атауымен қатысты. Шанхай музейі 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Аумағы 8 мың шаршы метрден асады. Жиында сөз алғандар ЕХРО-ның  жоғары деңгейде өтіп жатқандығын да атап өтті.  

 

ИЛЬЯ ОРАЗАҚОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл жоба әрбір көрмеден ең үздік деген жұмыстарды, жобаларды бір жерге жинайды. Олардың қатарында ғылыми  жобалар, бейнеинсталияциялар бар. Астана ЕХРО көрмесінде де таңқаларлық дүниелер жетерлік. Соның біразы Қазақстанда,  тағы бірқатары музейге табысталады. Экспонаттардың және бір бөлігін қатысушылар елдеріне алып қайтады. Кемінде әр елдің павильонында  6-дан 25-ке тарта экспонат бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер