2050 жылға дейін Қазақстанда тұтынылатын электр энергиясының 50%-ын баламалы қуат көздерімен алмастыру жоспарланып отыр.  Бұл туралы Экспо көрмесінің «Болашақты құру» атты 12-ші қорытынды форумында айтылды. Сондай-ақ, басқосуда барлық отырыстың түйіні ретінде қазақстандық және шетел сарапшыларының баламалы қуат кеөздеріне қатысты тың ойлары топтастырылған манифест тұжырымдамасы жасалды. Құжат халықаралық және ұлттық мәселелерді қамтиды. Осылайша, «жасыл» экономикаға көшудің ортақ жоспары құрылды. Басты мақсат – экологиялық мәселелерге әлем назарын аударып, үндеу тастау. Жалпы, 2020 жылға дейін елімізде баламалы қуат көздерін игеруге арналған 100-ге тарта жоба жүзеге асырылмақ. Әзірге ел аумағында күн, жел және су энергиясын өндіретін 48 станса жұмыс істеп тұр. 

 

ҚАНАТ БАЙҒАРИН, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Егер біз күн батареялары мен жел станциясына қажетті құралдарды өндіретін зауыттарды салатын болсақ, электр энергиясын үнемдеу белсенділігі артады. Әрі жабдықтарды төл нарығымызбен қатар, шетелге саудалауға мүмкіндік аламыз. Жалпы, жасыл энергияға көшуде бүкіл әлем күш біріктіруіміз қажет.

 

БАХЫТ ЕСЕКИНА «ЖАСЫЛ АКАДЕМИЯ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Манифесте жасыл энергетиканы дамыту жөніндегі жаһандық институт құру қарастырылған. Саясаткерлер үшін ғана емес, ғалымдардың да пікір алмасуына мүмкіндік беретін осындай алаң құратын уақыт келді деп ойлаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер