ЕХРО аясында Қазақстан өңірлерінің мәдениет күндері өтуде. Заманауи өнер галереясында 80-нен астам павлодарлық суретшінің туындылары қойылды. Ұйымдастырушылар экспозицияны бірнеше бөлімге бөлген. Мақсат – өңірдегі қылқалам шеберлерінің қалыптасу тарихымен таныстыру. Көрмені 20-ғасырдың ортасындағы суретшілердің еңбектері ашады. Ол тұсқа пейзаж, мүсн, графикадағы портреттер тән.

 

БАҚЫТГҮЛ ӘДІЛХАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІНІҢ МАМАНЫ:

 - Павлодарлық суретшілердің ерекшелігі – қай жанрда сурет салса да, бірден айқындалып тұрады. Біздің өлкемізге ғана емес, ТМД елдеріне де атақты Михаил Колмогоров, Александр Бибин сынды суретшілердің туындылары да бар. Экспозицияға қойылып отыр.

 

Павлодардың қазіргі заманғы өнерінде стильдердің саналуандығын байқауға болады. Негізінен, көркемсурет, қолданбалы қолөнер стиліндегі жұмыстар басым. Шеберлер болса, өздерінің үнемі ізденісте жүретіндіктерін айтады. Сондықтан тың тәсілдерді табуда.

 

МАЙСА ЫҚЫЛАСОВА, СУРЕТШІ:

 - Соңғы кезде киізбен жұмыс жасап жүрмін. Ол көнеден келе жатқан өнер түрі. Алайда қазіргі заманға сай ерекшеліктері бар екеніне көзім жетті. Картиналар басу текеметке ұқсайды. Бірақ текеметте оюлар болатын болса, көркемсурет жасауымызға келеді.

 

Павлодар облыстық музейінде 6 мыңға жуық туынды сақталған. Олар сан түрлі стильде жасалса да, бәрін дәстүрге деген құрмет біріктіреді.           

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер