ЕХРО-2017 көрмесі инновация мен өнерді шебер үндестіріп, технология мен шығармашылықты сабақтастырған орталыққа айналды. Халықаралық шара алаңындағы қазіргі заман өнері орталығында қанат жайған «Artists and Robots» көрмесі жасанды елес дәуірінің айшықты үлгісі іспетті. Мұндағы суреттер мен мүсіндер, сәндік қолданбалы өнер туындылары, дизайн мен музыканың бәрін құлтемірлердің жасағанына сену қиын. Астанада тұсауы кесілген шебер роботтардың туындылары 2019 жылы Парижде қойылатын болады. 

 

СӘНИЯ БӘЖЕНЕЕВА, КӨРМЕ МЕДИАТОРЫ:

 - Сіздердің алдарыңызда суретші роботтар. Көріп тұрғандарыңыздай адамның ешбір тікелей қатысуынсыз  сурет салады. Мысалы, мына қабырғада алдында салынған суреттерін көре аласыздар. Әр роботтың алдында сенсорлы датчиктері бар. Олар бір-бірімен және қабырғамен қақтығысудан сақтайды. Төмендегі фонарикке ұқсас көздері түстерді ажыратуына көмектеседі.

Сіздердің алдарыңызда робот жасаған мүсіндер.Бұл мүсіндерде сіздер ер адамның денесін көре аласыздар. Себебі әрбірі Микела́нджелоның «Құлдар» сериясының негізінде жасалған. Дегенмен, бір-бірінен ерекшеленеді. Себебі бұл роботтың алгоритмі өз бетінше дами береді. Және Микеланджело сияқты роботтың өзі нон фенито аяқталмаған техникада жұмыс істейді.

Бұл жерде өздерінің натюрморт салу дағдыларын жаттықтырып жатқан робот суретшілерді көре аласыздар. Әрбір робот өзінің көзі мен қолы арқылы алдында тұрған композицияны күні бойы салады. Алайда күн сәулесі немесе көлеңкенің түсуі күн сайын әр қилы. Сондықтанда салған суреттері бір-біріне ұқсамайтын болып шығады. Және де нағыз адамдар сияқты роботтарда өздерінің қолтаңбасын қояды. Қолтаңбасы қойылғанда бұл сурет аяқталды дегенді білдіреді.

Бұл – «тіршіліктің бастауы» деп аталатын инсталляция. Біздің кураторларрымыздың бірі Мигель Шевальенің туындысы. Оның қызығы сіз қозғалған кезде сурет бірге қозғалады. Себебі төбеде инфрақызыл сәулелер орнатылған камералар бар. Біле-білсеңіздер, инфрақызыл сәулелер адам денесінің жылуын сезеді. Сондықтан да осыған орай компьютер бұл суреттерді өзгертеді.

Ал бұл өздеріңізге таныс снепчат инстаграмның атасы. Бұл инсталяцияда егер камераға қарасаңыз, сіздердің бейнелеріңіз сандық технологияның араласуымен өзгереді. Ал бұл жерде 1980 жылы жасалған үшінші қол экспонаты. Бұл – бионикалық қол. Датчиктер аяқ пен ішке қосылып бұлшықеттердің қозғалысы барысында электромиограмма пайда болады. Осының негізінде қол қозғалысқа келеді.  Ал мына жерде 2016 жылы пайда болған экзоскелет. Оның қатысуымен суретші Стэларк перфоманстар жасайды. Бұл қол ғаламтор арқылы сэнсорлы мониторға қосылады. Оны кормедегі кез келген адам сол қолдың қимыл-қозғалысын бағдарламалайды.

Бұл «Астана колонналары» деп аталатын мүсіндер әрбір колонна 5 мың картоннан жасалған. Оларды бір біріне жапсырғаннан кейін суретші ойлап тапқан алгоритм олардың дизайнын жасаған. Ақыр соңында барлығы лазермен қырқылған. Егер айнаға қарасаңыз, төртеу емес, одан да көп колонна болып көрінеді. Айнадағы өз бейнеңізге қарасаңыз, сыртында емес колонналардың арасын аралап жүргендей боласыз.

Бұл біздің арт орталығы көрермендерінің ең сүйікті инсталляциясы бақбақтар деп аталады. Мына микрофонға үрлесеңіз, бақбақтар нағыз бақбақтар сияқты ұшады.

Астана заманауи өнер орталығын 20 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді. 10-шы қыркүйекке дейін біздің есігіміз ашық. Сондықтан келіп көріңіздер.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер